Әзербайжандықтар Бакуде Ходжалы құрбандарын еске алуда

Әзербайжандар Ходжалыда армяндар өлтірген 613 адамды еске алу үшін ел астанасы Бакудегі «Ана зары» ескерткішіне ағылды.

2107500
Әзербайжандықтар Бакуде Ходжалы құрбандарын еске алуда

Әзербайжан халқы Ходжалыда армяндар жәбірлеп өлтірген 613 азаматын еске алу үшін Бакудегі «Ананың азабы» атты ескерткіш орнатылған алаңға жиналды.

Азаматтар ескерткішке қалампыр гүлдерін қойып, қырғын құрбандарын еске алды. Қырғыннан аман қалған Ходжалы халқы мен қаза тапқандардың туыстары да ескерткішті  зиярат етті.

Шейіттердің туыстары мен азаматтардың кейбіреулері  дұға оқыса, кейбірі осыдан 32 жыл бұрын болған азапты оқиғаны еске алып, көз жасын тыя алмады.

Түркияның Әзербайжандағы өкілетті және төтенше елшісі Джахит Багжы, елшілік қызметкерлері мен Бакудегі түрік мекеме және ұйымдарының өкілдері де «Ана зары» ескерткішіне барып, Ходжалы қырғынында қаза тапқандарды еске алды.

Елші Багжы баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Ходжалы қырғынының қайғысын шын жүректен терең сезінгендерін айтты.

1992 жылы 25 ақпан күні Ходжалыға үш бағыттан шабуылдаған армяндар Кеңес армиясының 366-шы мотоатқыш полкінің жаппай көліктерімен қаланы екі сағат бойынша зеңбірек және танктармен үздіксіз атқылады. Шабуылдан бір күн өткен соң армяндар адамның санасынан кетпейтін «Ходжалы қырғынын» жасады.

Ресми мағлұматтарға қарағанда алдында 7 мың адам өмір сүрген Ходжалыда қорғаныссыз 106 әйел, 70 қария, 63 бала 613 Әзербайжан азаматы қаза тапты.

Қырғыннан 76-сы бала 487 адам ауыр жарақат алып құтылды. Армян күштері мың 275 адамды тұтқындады, осылардың 150-інің қайда екені әлі белгісіз.



Ұқсас жаңалықтар