Қырғызстанның 99 азаматы елге қайтарылды

Қырғызстандық әйел мен балаларына “оңалту” бойынша қолдау көрсетіледі.

2106698
Қырғызстанның 99 азаматы елге қайтарылды

АҚШ орталық қолбасшылығы (CENTCOME) Сирияға қоныс аударған қырғызстандық 99 әйел мен баланың өз елдеріне қайтарылғанын хабарлады.

“Осы аптада Сирияның солтүстік-батысында орналасқан Холь және Рож лагерьлеріндегі 99 әйел және бала өз отандары  Қырғызстан Республикасына қайтты»,- деген мәлімдеме CENTCOME-нің X сайтына жарияланды.

Мәлімдемеде қырғызстандық әйел мен балаларына “оңалту” бойынша қолдау көрсетілгені атап өтілді.

2023 жылы  Сириядағы YPG/PKK террористік ұйымы басып алған жерлерде ДЕАШ террористері мен олардың отбасылары, әрі қақтығыстан қашқан азаматтар тұратын лагерьлерден  4500 азамат өз отандарына жәберілді.



Ұқсас жаңалықтар