Татарстандық іскерлер делегациясы Измирде

Татарстаннан келген бір делегация Измирде іскерлермен бас қосты.

2104760
Татарстандық іскерлер делегациясы Измирде

Измир Сауда палатасының (İZTO) мәлімдемесіне қарағанда, РФ Татарстан Республикасы Сауда және өнеркәсіп палатасы мүшесі 13 компанияның қатысуымен іскерлік кездесулер өтті.

«İZTO» Атқару кеңесінің төрағасы Махмут Өзгенер Түркия мен Татарстан арасындағы сауда көлемін арттыру мүмкіндігі бар екенін және екі тараптың да бұл қарым-қатынастарды жетілдіріп, әртараптандыруға бел байлағанын түсіндірді.

Өзгенер «Ынтымақтастығымыз тек саудамен ғана шектелмейді, әсіресе энергетика, автокөлік, құрылыс және автокөлік өнеркәсібі сияқты көптеген салада түрік инвестициясының артуымен күн өткен сайын тереңдей түсуде» деді.

Кездесуде 200-ге жуық түрік компанияларының әртүрлі саладан 13 татар фирмасымен келіссөз жүргізгені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар