Қазақстан Президенті өзбек министрді қабылдады

Қазақстан бауырлас Өзбекстанмен өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән береді.

2105001
Қазақстан Президенті өзбек министрді қабылдады

Қазақстан Президенті Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовты қабылдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-өзбек ынтымақтастығы барлық салада қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Қазақстанның бауырлас Өзбекстанмен өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән беретінін білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің екіжақты байланыстарды тереңдету ісіне елеулі үлес қосып отырғанына тоқталды. Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Екі елдің дамуына тың серпін беретін жаңа бағыттарды қарастыру және екіжақты тауар айналымын арттыру маңызды екені айтылды.

Өз кезегінде Бахтиёр Саидов Өзбекстан Президентінің ізгі тілегін жеткізді. Министрдің айтуынша, екі ел басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық қарым-қатынасты нығайту үшін жоғары меже қойып отыр.

 

Дереккөз - Қазинформ



Ұқсас жаңалықтар