Тәжікстан-Қырғызстан шекараларды белгілеу үдерісін жалғастыруда

Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мәлімдеме жасады.

2104318
Тәжікстан-Қырғызстан шекараларды белгілеу үдерісін жалғастыруда

Тәжікстан және Қырғызстан араларында даулы шекараның тағы 1,1 шақырымы туралы келісімге келді.

Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінен жасалған мәлімдемеде елдің солтүстігіндегі Соғды қаласының Бостан аумағында екі ел жұмыс топтарының жиын өткізгені хабарланды.

Мәлімдемеде топтардың далалық зерттеудің артынан 1,1 шақырымдық ортақ шекара туралы келісімге келгені және тиісті хаттамаға қол қойылғаны білдірілді.

Тараптардың Қырғызстанда өтетін келесі кездесуде екі ел арасындағы даулы шекараның басқа бөліктеріндегі жұмыстарды жалғастыратыны да мәлімденді.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы 972 шақырымдық ортақ шекараның шамамен 90 пайызына сәйкес келетін 889,45 шақырымдық бөлігі келісімге қол жеткізілгенімен, 30 қаңтар мен 5 ақпан күндері арасында Қырғызстанның Баткен қаласында соңғы рет бас қосқан тараптар шекараның 3,71 шақырымында келісімге келіп, хаттамаға қол қойған болатын.

Тәжікстан мен Қырғызстан арасында шекаралық келіспеушіліктерге байланысты кейде шиеленіс пен қақтығыстар туындаған, соңғы рет 2022 жылдың 14 қыркүйек күні шыққан екі ел арасындағы оқиғаларда екі жақтан да ондаған адам қаза тапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар