Қазақстан мен Өзбекстан екіжақты тауар айналымын арттыруға келісті

Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бақтиёр Саидов Қазақстанға алғаш рет  ресми сапармен барды.

2104361
Қазақстан мен Өзбекстан екіжақты тауар айналымын арттыруға келісті

Қазақстан мен Өзбекстан екіжақты тауар айналымын 10 миллиард долларға жеткізуге келісті.

Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бақтиёр Саидов Қазақстанға алғаш рет  ресми сапармен барды. 

Саидов Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездесті. Екі министр жеке және делегация аралық кездесу өткізіп, одан кейін ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Қазақстан министрі Нұртілеу осында жасаған мәлімдемесінде елі мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынасты одақтас елдер деңгейіне көтеру және шекараларды анықтауға қатысты 2022 жылғы тарихи келісімдер қазақ-өзбек қарым-қатынасында жаңа парақ ашқанын айтты. Нұртілеу Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы келісімдердің Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен дамуға да әсер ететінін атап өтті.

«Екі ел арасында шешімін таппаған бірде-бір мәселе жоқ, бұл болашақта да жалғасын табатынына толық сенімдімін» деді ол.

Өзара сауданың соңғы жылдары тұрақты түрде өскеніне назар аударған Нұртілеу екі ел арасындағы сауданы 10 миллиард долларға жеткізуге келіскендерін білдірді.

Министр өңір халқы үшін маңызды су-энергетика мәселелерін, екі елдің көлік әлеуетін арттыратын жаңа теміржол құрылысы жобаларын талқылағанын жеткізді.

Өзбекстан министрі Саидов та кездесулердің өте нәтижелі өткенін айтып, былай деді: «Біз биыл көшбасшыларымыз арасындағы өзара байланыстарға толы болады деп күтеміз».



Ұқсас жаңалықтар