Қазақстанның жаңа Премьер-министрі - Бектенов

Президенттің Олжас Бектеновты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі етіп тағайындау жөніндегі жарлығы шықты.

2098396
Қазақстанның жаңа Премьер-министрі - Бектенов

Қазақстанда Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр лауазымына Олжас Абайұлы Бектеновті тағайындауға келісім берді.

Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысы кандидатурасын талқылағаннан кейін «Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына Бектенов Олжас Абайұлын тағайындауға келісім берілсін» деген қаулы жобасына дауыс берді.

Дауыс беру барысында жалпы отырысқа қатысқан депутаттардың 69-сі оның кандидатурасын қолдап, 7 депутат қалыс қалды. Іле-шала Президенттің Олжас Бектеновты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі етіп тағайындау жөніндегі жарлығы шықты.

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.



Ұқсас жаңалықтар