Қазақстанда үкімет отставкаға кетті

Үкімет мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.

2097812
Қазақстанда үкімет отставкаға кетті

Қазақстанда Әлихан Смайылов үкіметі отставкаға кетті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атазаңның 70-ші бабына орай үкіметтің отставкасы туралы жарлыққа қол қойды.

Осы жарлыққа сәйкес, Смайылов басшылығындағы үкіметтің отставкасы қабылданды. Үкіметте вице-премьер Роман Скляр Премьер-министрдің міндетін уақытша атқарады.

Үкімет мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.

Смайылов 2022 жылдың қаңтар айында болған оқиғалардан кейін міндетке келіп, 2023 жылдың 19 наурызындағы сайлаудан кейін қайтадан Премьер-министр болған еді.



Ұқсас жаңалықтар