Министр Алпарслан Байрактар Бакуде

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар Бакуде әріптесі Микайыл Жаббаровпен бас қосты.

2094250
Министр Алпарслан Байрактар Бакуде

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​Әзербайжанмен екі бауыр ел ретінде өзара ынтымақтастықты энергетика саласында одан әрі жалғастыру үшін табандылықпен жүруді жалғастыратынын атап көрсетті.

Байрактар ​​ресми байланыс аясында кеше барған Әзербайжанда Экономика министрі Микайыл Жаббаровпен бас қосты.

Кездесуде Әзербайжан мен Түркия арасында энергетика саласынан бастап, қазір және болашақта экономикалық ынтымақтастық жасау мүмкіндіктері қарастырылды.

Байрактар Әзербайжанмен ​​«бір ұлт, екі мемлекет» түсінігімен тығыз байланыс жүргізілгенін, бұл аяда Энергетика министрі Первиз Шахбазов және Экономика министрі Жаббаровпен өте нәтижелі кездесулер өткізгенін білдірді.

Мұнай және табиғи газ саласында Әзербайжанмен жүзеге асырған жұмыстарды одан әрі ілгерілетуді қалағандарын тілге тиек еткен Байрактар ​​кездесулері барысында екі елдің Еуропаның сұраныс қауіпсіздігіне қосқан үлесі, Нахчываннан Түркияға электр энергетикасы экспорты және Түркияда өткізілетін "Түркия-Әзербайжан энергетика форумына" дайындық тақырыптарын талқылағандарын атап көрсетті.

Байрактар ​​Әзербайжан мұнайының жылдар бойы Баку-Тбилиси-Джейхан" құбыр желісі арқылы әлемдік нарықтарға тасымалданғанын еске сала отырып, «Әлемдік мұнай жеткізілімі үшін өте маңызды бір операцияны ұзақ жылдар бойы жалғастырып келеміз. Бұдан былай да жалғастырамыз. Осы тұрғыда біз екі бауырлас ел ретінде сындарлы өзара ынтымақтастығымызды одан әрі дамыту үшін энергетика саласында табанды түрде жұмыстарымызды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар