Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысы талқыланды

Қазақстан Премьер-Министрі Смайылов пен «TAV Airports Holding» компаниясының президенті Каптан кездесті.

2090844
Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысы талқыланды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Түркияның «TAV Airports Holding» компаниясының президенті Серкан Каптан кездесті.

Олар Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысын іске асыру мәселелерін талқылады.

Қазақстан Үкіметі елдегі көлік-логистика әлеуетін арттыруға үлкен көңіл бөліп, осы аяда Алматыда жаңа халықаралық терминал құрылысын бастауды жоспарлауда.

«Оның ашылуы жолаушылар ағынын арттырып, ұшу географиясын кеңейтеді және мегаполис тұрғындары мен қонақтарына сапалы қызмет пен жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді деп күтеміз», — деді Әлихан Смайылов.

«TAV Airports Holding» басшысы жобаны іске асыру барысы жөнінде жаңа мәліметтер берді.

Бүгінде құрылыс жұмыстары 87%-ға аяқталған.

Жаңа терминал биылғы маусымда ашылады деп жоспарланып отыр.

Дереккөз – KAZINFORM



Ұқсас жаңалықтар