Қазақстанда антитеррорлық операция
Үш қалада 12 адам ұсталды.

Қазақстанда үш қалада лаңкестікке қарсы операция жүргізілді.
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген шараның нәтижесінде «мемлекеттік тәртіпке қарсы әрекет жасады және заңсыз радикалды ұйымға қатысы бар» деген 12 адам ұсталды.
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті елдегі соңғы антитеррорлық операция туралы мәлімдеме жасады. Мәлімдемеге сәйкес Астана, Атырау және Жезқазған қалаларында «мемлекеттік тәртіпке қарсы әрекетпен айналысты және заңсыз радикалды ұйымға қатысы бар» деген 12 адам ұсталды.
Аты-жөні мен ұлты жарияланбаған күдіктілердің үйлерінде жүргізілген тінту барысында заңсыз басылымдар тәркіленді. Ұсталғандардың кейбірінің полиция қызметкерін өлтіру, тонау, бопсалау, ұрлық және зорлау сияқты қылмыстары үшін сотты болғаны айтылды.
Ұқсас жаңалықтар

Джевдет Йылмаз Түрікменстанға барады
Йылмаз ертең Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездеседі.

Сауда-экономикалық қатынастар артуда
Қазақстан экономикасына шетелдік инвесторларды табысты түрде тартуда.