Қазақстан халық саны 20 миллионға жетті
Бұл туралы президент өзі хабарлады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды халық санының 20 миллионға жетуімен құттықтады.
Қазақ баспасөзінде шыққан хабарларға қарағанда, президент әлеуметтік желіде «Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы — бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», - деп жазды.
Елде 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқының саны 19,9 млн адамға жетті. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 1,41%-ке көп.
Ұқсас жаңалықтар

Джевдет Йылмаз Түрікменстанға барады
Йылмаз ертең Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездеседі.

Сауда-экономикалық қатынастар артуда
Қазақстан экономикасына шетелдік инвесторларды табысты түрде тартуда.