Ататүрікті Астанада еске алды

Астанадағы Ататүрік саябағындағы Ататүрік мүсінінің алдында ресми рәсім өтті.

2062830
Ататүрікті Астанада еске алды
Astana_Atatürk_kazakça_Kazakistan
Astana_Atatürk_kazakça_Kazakistan

Түркия Республикасының негізін қалаушы, әрі көшбасшысы Мұстафа Кемал Ататүрікті дүниеден өткеніне 85 жыл толуына орай Қазақстанда еске алды.

Елорда Астанадағы Ататүрік саябағындағы Ататүрік мүсінінің алдында ресми рәсім өтті.

Қазақстанда ұлы көшбасшы Мұстафа Кемал Ататүріктің дүниеден өткеніне 85 жыл толуына орай еске алу рәсімі өтті.

Астанадағы Ататүрік саябағында өткен салтанатты шараға мемлекет қайраткерлері, елдегі дипломатиялық миссия қызметкерлері және түрік мекемелері мен ұйымдарының өкілдері қатысты.

Түркияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырған салтанатты шарада Ататүрік дүниеден өткен сәт  сағат 09.05-те бір минут үнсіздік жарияланып, екі елдің әнұраны шырқалды. Салтанатты шарада сөз сөйлеген Түркия елшісі Мұстафа Капужу Ататүріктің тек  Түркия емес, түркі әлеміне де жақын екенін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынастардың бүгінде нығайып келе жатқанына назар аударды.

Салтанатты шарада Ататүріктің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.



Ұқсас жаңалықтар