«Мұстафа Кемал Ататүрік 2023» бірлескен оқу-жаттығуы табысты өтіп жатыр

«Құрметті бақылаушы күні» шарасына ТР Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер, Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Хасанов қатысты.

2055153
«Мұстафа Кемал Ататүрік 2023» бірлескен оқу-жаттығуы табысты өтіп жатыр
Mustafa Kemal Ataturk-2023 Tatbikati-2.jpg
Mustafa Kemal Ataturk-2023 Tatbikati-1.jpg
Mustafa Kemal Ataturk-2023 Tatbikati.jpg

Түрік және Әзербайжан Қарулы күштері Әзербайжанда ұйымдастырған «Мұстафа Кемал Ататүрік 2023» бірлескен оқу-жаттығуы табысты өтіп жатыр.

Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған оқу-жаттығудың «Құрметті бақылаушы күні» шарасына ТР Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер, Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Хасанов және Тәжікстан Қорғаныс министрі Шерали Мирзон қатысты.

Ел астанасы Баку маңындағы әскери оқу-жаттығу аймағында өткен «Құрметті бақылаушы күні» шарасы барысында орындалған тапсырмалар нағыз соғыс көріністерін қалыптастырды. Оқу-жаттығу түрік және Әзербайжан командалық бөлімшелерінің қарсыласу желісіндегі «жау» позицияларын алуымен басталды. Жаттығу барысында «жаудың» қорғаныс бөлімшелері залалсыздандырылды. Түріктің F-16 ұшақтары «жау» нысандарын жойды.

Бакуде, Нахчыванда және оккупациядан азат етілген аймақтарда өткен оқу-жаттығуға 3 мың адам, 130 танк пен броньды көлік, 100-ге жуық артиллериялық және зымыран жүйесі, 20-ға жуық ұшақ пен тікұшақ қатысты.

Түрік және Әзербайжан әскерлері арасындағы өзара әрекеттестік пен координацияны арттыруды мақсат еткен «Мұстафа Кемал Ататүрік 2023» жаттығуы ертең аяқталады.

 



Ұқсас жаңалықтар