Қырғызстанда «Мызғымас бауырластық – 2023» жаттығуы басталды

Жаттығуға Қырғызстан, Қазақстан, Беларусь, Ресей және Тәжікстаннан 1 500-ден астам әскери қызметкер қатысуда.

2048925
Қырғызстанда «Мызғымас бауырластық – 2023» жаттығуы басталды

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бітімгершілік күштері Қырғызстанда бірлескен оқу-жаттығу өткізуде.

«Мызғымас бауырластық – 2023» ұйымның ең үлкен жаттығуларының бірі ретінде тіркелді.

Жаттығуға Қырғызстан, Қазақстан, Беларусь, Ресей және Тәжікстаннан 1 500-ден астам әскери қызметкер қатысуда.

Оқу-жаттығу барысында бітімгершілік операциялары мен таулы аймақтардағы қызу қақтығыстарға қатысты сценарийлер жүзеге асырылады.

Оқу-жаттығуға Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының біріккен штабы мен Ұйым хатшылығына қарасты төтенше жағдайлармен күрес топтары да қатысуда.

Оқу-жаттығу 13 қазан күніне дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар