Президент Татар БҰҰ Бас хатшысының орынбасарын қабылдады

СКТР Президенті Эрсин Татар бас хатшы орынбасары Мирослав Йенчаны қабылдады.

2030326
Президент Татар БҰҰ Бас хатшысының орынбасарын қабылдады
Ersin Tatar-Miroslav Jenca.jpg
ersin tatar.jpg

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) президенті Эрсин Татар Пиле-Йиғиттер жолы жобасының гуманитарлық жоба екенін және қажеттіліктен туғанын білдірді.

Татар әртүрлі байланыстар аясында Кипрге келген Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Еуропа, Орталық Азия және Америкаға жауапты бас хатшы орынбасары Мирослав Йенчаны бас қала Никосиядағы президенттік резиденцияда қабылдады.

Президент Татар кездесуден кейін өткізілген баспасөз мәслихатында Йенчаның сапарының Пиле-Йиғитлер жолы жобасынан кейін БҰҰ мен СКТР арасындағы шыққан дағдарыс кезеңіне сәйкес келгенін еске салып, Йенчаға гуманитарлық жоба болғаны және қажеттіліктен туындағанын, пиле тұрғындарының да бұл бағытта талаптары бар екенін жеткізді.

Йенчаға Кипрде екі жақты бөлетін БҰҰ бақылауындағы «Жасыл желі» үстінде понтилер жасаған жұмыстар туралы ақпарат бергендерін атап көрсеткен Татар «Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігінің Айя Напа мен Ларнака жолдарынан бастап, университет ғимараты, басқа бір аймақта сауда үйі құрылысы және 12 шақырымдық сым қоршауға БҰҰ-ның үнсіз қалуы түсніксіз. Соңғы мағлұматтарға қарағанда буферлік аймаққа жақын жерде 300 әскери позиция қазылғаны, БҰҰ бітімгершілік күштерінің ізгі ниет миссиясы аясында екі жаққа бірдей қарау керектігі миссиясына қарамастан, Пиле жолын бастау кезінде БҰҰ-ның бітімгершілік күштерінің ұстанымының қабылданбайтынын Йенчаға жеткіздім» деді.

Татар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Пиле жолы туралы соңғы мәлімдемесінің жалған ақпараттың нәтижесі екенін алға тартып, «Кездесуде «Қауіпсіздік кеңесіне» дұрыс хабарлау сіздің міндетіңіз»деп ескерттім» деді.

Йенча болса Татарға БҰҰ Бас хатшысының Кипрге тақырыбында жалғасып келе жатқан қызығушылығын жалғасқанын атап, «Болашақта бүкіл халыққа пайдалы бейбіт келіссөздерді қайта бастау үшін ортақ негіз болады деп сенеміз. Одан жақсы болатынына үміттіміз» деді.

Кипрдегі кездесулерін понти тарапынан бастаған Йенча Кипр Понти Әкімшілігі басшысы Никос Христодулидиспен кездескен болатын.



Ұқсас жаңалықтар