Қырғызстан мен Өзбекстан арасында ынтымақтастық

Қырғызстанда үкімет аралық экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 10-шы отырысы өтті.

2026047
Қырғызстан мен Өзбекстан арасында ынтымақтастық

Қырғызстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 10-шы отырысы Қырғызстанда өтті.

Жиналысқа Қырғызстан Министрлер Кеңесінің төрағасы Ақылбек Жапаров пен Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов төрағалық етті.

Экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 10-шы отырысында Қырғызстан мен Өзбекстан үкіметтері жүзеге асыруды жоспарлап отырған жобалар талқыланды.

Атап айтқанда, «Қамбар-Ата 1» гидро электр стансасын бірлесіп салу, Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолын салу сияқты стратегиялық жобаларға баса назар аударылды.



Ұқсас жаңалықтар