СКТР-де министрлер кабинетінде өзгеріс болды
СКТР-де 4 жаңа министр тағайындалды, 1 министрдің міндеті өзгерді.
Солтүстік Кипр Түрік Республикасында (СКТР) министрлер кабинетінде өзгеріс болды, 4 жаңа министр тағайындалды, 1 министрдің міндеті өзгерді.
СКТР Премьер-министрі Үнал Үстел Президент Эрсин Татарға Министрлер кеңесінің жаңа тізімін ұсынғаннан кейін баспасөз мәслихатын өткізді.
Ауыл шаруашылығы және табиғи ресурстар министрі Дурсун Оғыздың Ішкі істер министрлігіне тағайындалғанын айтқан Үстел Хусейн Чавуштың Оғыз босатқан орынға әкелінгенін айтты.
Үстел Өздемир Берованың Қаржы министрі, Хакан Динчюрек Денсаулық сақтау министрі, Садык Гардияноглу Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрі қызметін атқаратынын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
ТҰҰМ төрағасы Нуман Куртулмуш Түркістанға барды
ТҰҰМ төрағасы «ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің орны» атты конференцияға қатысып, баяндама жасады.