«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» жобасы аяқталды

Түрік компаниялары салған автомобиль жолы 15 маусым күні ашылады.

1997254
«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» жобасы аяқталды

Қазақстанда тұңғыш концессия механизміне сәйкес құрылысы басталған «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» жобасын (ҮАААЖ) түрік компаниялары жүзеге асырды.
Қытайдың батысы мен Еуропаның батысын байланыстыратын халықаралық тас жолдың бір бөлігі болып табылатын осы жол 15 маусым күні көлік қозғалысына ашылады.

66 шақырымдық «Үлкен Алматы айналма жолы» жобасына 480 миллион доллар қаржы жұмсалды.

Жолдың арқасында Алматы арқылы өтетін транзиттік жүк көліктерінің қала сыртына өтуіне жағдай жасалады және автокөліктердің қоршаған ортаға тигізетін кері әсері азаяды, көлік кептелісінің алдын алады.



Ұқсас жаңалықтар