Қазақстанда Сталин құрбандары еске алынды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде Сталиндік режимнің жазықсыз құрбандарын еске алды.

1993614
Қазақстанда Сталин құрбандары еске алынды

Қазақстанда Сталиндік режимнің жазықсыз құрбандары жылдағыдай биыл да еске алынды.
Саяси қысым, қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне орай Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында үндеу жолдады.
Тоқаев өз жолдауында:

«Тоталитаризм қылмыстары халқымыздың санасында терең із қалдырды. Тарихтың осынау қара беттерін зерттеуді жалғастыру маңызды. Өткеннің сұмдық беттерін жақсы түсіну, тағылым алу, сондай-ақ болашақта мұндай оқиғалар қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау – әрқайсымыздың міндетіміз» деп мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт бірлігін, гуманистік мұраттарға деген сенімін сақтап қалған, ең ауыр сынақтардан өткен бабалар үмітін ақтау керектігін атап өтті.
Ел бойынша түрлі еске алу бағдарламалары өтуде, Кеңестер Одағының «АЛЖИР» лагері мұражайының есігі мектеп оқушылары үшін бір апта бойы ашық болады.
Статистикаға негізделгенде 1921-1954 жылдар аралығында Қазақстанда 100 мыңға жуық адам сотталып, 20 мыңнан астам адам атылған.
Сонымен қатар мыңдаған адам өлім жазасын білдіретін «байланыс жасау құқығы жоқ» деген тіркеумен бас бостандығынан айырылды.
Қазақстан аумағында 11 концлагерь құрылып, бұл лагерьлерде сотталғандар мен олардың отбасылары әртүрлі азаптауларға ұшырады.



Ұқсас жаңалықтар