Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

Президент Тоқаевты Ресей президенті Путин қарсы алды.

1991286
Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық форумның «Көп полярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты пленарлық отырысына қатысты.

Форум өтіп жатқан «Заряде» концерт залына келген Президент Тоқаевты Ресей президенті Путин қарсы алды.

Тоқаев сессияда сөйлеген сөзінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты мен Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізі Еуразия кеңістігіндегі өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық деңгейін түбегейлі өзгертуі мүмкін екенін айтты.

Ол Қытаймен, Үндістанмен, Вьетнаммен, Иранмен, Мысырмен, Израильмен, Сербиямен және басқа серіктестермен белсенді өзара іс-қимыл Одақтың жетілгендігі мен коммерциялық және экономикалық тартымдылығының маңызды көрсеткіші болып табылатынын атап өтті.

Сонымен бірге Тоқаев Одақтың негізгі саяси және экономикалық серіктесі Қытаймен өзара іс-қимыл жасаудың аса маңызды екенін, Қытайдың әрі ірі тасымалдаушы, әрі ең ірі тұтынушы екенін атап өтіп, “Шығыста континенттік стратегиялық байланыс орнату бойынша таңқаларлық және ауқымды бастамалардың бірі бұл Қытайдың «Белдеу және жол» жобасы” деді.

Екінші жағынан Тоқаев өткен аптада Қытайға ресми сапармен барғанын және сапары барысында Шиан портында қазақстандық логистикалық орталықтың құрылысын бастағандарын және аталған портты Орталық Азияға, Еуропаға, Түркияға және Иранға тікелей контейнерлік пойыздарды жіберу үшін негізгі хаб болады деп күтетіндерін айтты.

Ресей астанасы Мәскеуде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтті.



Ұқсас жаңалықтар