Қазақстан экономикасы 4 айда 5 пайызға өсті

Қазақстанда Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен үкімет отырысы өтті.

1987044
Қазақстан экономикасы 4 айда 5 пайызға өсті

Қазақстанда Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен үкімет отырысы өтіп, жиында ел экономикасының төрт айда 5 пайызға өскені айтылды.

2023 жылдың қаңтар-наурыз кезеңінде сыртқы сауда көлемі 13,4 пайызға өсіп, 32,7 миллиард долларға жетті.

Қазақстанда өткен Үкімет отырысында елдің экономикалық өсімі талқыланды.

ҚР Экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстан экономикасы биылғы жылдың 4 айында өткен жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 5 пайызға өскенін мәлімдеді.

Министр ең жоғары өсім көрсеткен салалардың құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс салалары екенін, сонымен қатар барлық негізгі салаларда оң динамика байқалғанын айтты.

Соңғы мәліметтер бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардағы өсу қарқыны 18 пайызды құрады.

Министрдің айтуынша 2023 жылдың қаңтар-наурыз кезеңінде сыртқы сауда көлемі 13,4%-ға өсіп, 32,7 млрд долларға өсті. Экспорт 18,7 млрд АҚШ долларын құрады, өңделген тауарлар экспорты 8,1%-ға өсіп, 5,9 млрд АҚШ долларына жетті.



Ұқсас жаңалықтар