Шавкат Мирзиеев Ердоғанды сайлау нәтижесімен құттықтады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев президент Режеп Тайып Ердоғанды сайлаудың табысты өтуіне орай құттықтады.

1986635
Шавкат Мирзиеев Ердоғанды сайлау нәтижесімен құттықтады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев президент Режеп Тайып Ердоғанды ​​президенттік сайлау және Парламенттің 28-ші кезекті сайлауының сәтті өтуімен құттықтады.

Өзбекстан Президенттік кеңсесі жасаған мәлімдемеге қарағанда Мирзиеев Ердоғанға телефон шалып, сайлау нәтижелерінің Ердоған басшылығында жүргізіліп жатқан саяси өзгерістер мен экономикалық реформаларға бауырлас Түркия халқының кең қолдау беруінің көрсеткіші екенін білдірген.

Телефондағы әңгімеде мемлекет басшылары Өзбекстан мен Түркия арасындағы кең ауқымды стратегиялық серіктестік пен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, сондай-ақ Жоғары деңгейдегі стратегиялық әріптестік кеңесінің келесі отырысына дайындық мәселелері жайлы да кеңесті.



Ұқсас жаңалықтар