Қазақстан-Чех бизнес форумы өтті

Форумға екі елдің үкімет басшылары, мемлекеттік сектордың, ұлттық компаниялардың және іскер топтардың өкілдері қатысты.

1979271
Қазақстан-Чех бизнес форумы өтті

Қазақстанның бас қаласы Астанада Қазақстан-Чех бизнес форумы өтті.

Форумға екі елдің үкімет басшылары, мемлекеттік сектордың, ұлттық компаниялардың және іскер топтардың өкілдері қатысты.

Бизнес форум аясында жалпы ассамблея мен екіжақты кездесулер өтті.

Қазақстан Үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов өз сөзінде Қазақстанда 200-ге жуық қазақстандық-чехиялық бірлескен кәсіпорын барын және олар жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Екінші жағынан Қазақстанның Орталық Азияда инвестиция тарту бойынша көшбасшы ел екенін айта келе, Қазақстанның 32 жылда 410 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартқанын білдірді.

Аталмыш Бизнес форумның Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудегі тиімді және практикалық қадам екенін атап өткен Смайылов форум аясында 230 миллион еуроға түрлі келісімдерге қол қойылғанын айтты.

2029 жылға қарай Қазақстанға 150 миллиард доллар инвестиция тарту көзделіп отыр.



Ұқсас жаңалықтар