Қазақстан автожолмен астық тасымалына тыйым салды

Ербол Тасжүреков бұл шешім көрші елдерден астықтың заңсыз келуіне жол бермеу үшін қабылданғанын мәлімдеді.

1973903
Қазақстан автожолмен астық тасымалына тыйым салды

Қазақстанда астықтың елге заңсыз кіруіне жол бермеу үшін 6 айға астықты автожолмен әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылданды.

Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ербол Тасжүреков баспасөз мәслихатында 6 айға астықты автожолмен әкелуге тыйым салынғанын және шешім 10 сәуірден бастап күшіне енгенін мәлімдеді.

Тасжүреков бұл шешім көрші елдерден астықтың заңсыз келуіне жол бермеу үшін қабылданғанын мәлімдеді.

Тыйым салу шешімі тек құрлықтағы астық тасымалдауға қатысты екені туралы ақпаратпен бөліскен Тасжүреков астық импортына теміржол арқылы ешқандай шектеу шаралары енгізілмегенін айтты.

Тасжүреков әсіресе елдің Ресей шекарасына жақын облыстарында заңсыз астық әкелудің көбейгеніне назар аударып, бұл жағдайдың ішкі астық нарығын тұрақсыздандырып, бюджетке шығын әкелетініне тоқталды.

Қазақстанның Ресей шекарасына жақын аймақтары арқылы елге құрлық арқылы кіретін ресейлік астық үшінші елдерге, бірінші кезекте Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға сатылады.

Бұл жағдай Ресей сияқты астық экспорттаушы ел болған Қазақстанның ішкі нарығына кері әсерін тигізуде.



Ұқсас жаңалықтар