Өзбекстан президенті Мысырда

Сиси мен Мирзиеев Каирде кездескеннен кейін ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

1949774
Өзбекстан президенті Мысырда

Мысыр президенті Әбдул Фаттах Әс-Сиси Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен Палестина мәселесі, Украина соғысы және Эфиопия салып жатқан Хедаси бөгет дағдарысының шешімін талқылады.

Сиси мен Мирзиеев Мысырдың бас қаласы Каирде кездескеннен кейін ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Сиси Өзбекстан президентімен өткізген келіссөздерде Палестина мәселесін екі мемлекетті шешім негізінде шешудің жолын табудың маңызды екеніне келіскендерін айтты.

Ресей-Украина соғысының бүкіл әлемге әсер етуіне байланысты саяси шешім табудың маңыздылығы туралы Өзбекстанмен ортақ түсіністікке ие екендерін атап көрсеткен Сиси Хедаси бөгеті мәселесінде Эфиопия жағын заңды және міндетті келісімге қол қоюға ынталандыру керектігін білдірді.

Сиси Мирзиеевті Өзбекстан мен Қырғызстан арасында жасалған су келісіміне байланысты құттықтады.

Кездесуден кейін екі ел арасында сауда, ауыл шаруашылығы, дипломатия, мәдениет, денсаулық сақтау және тәжірибе алмасу салаларындағы 9 хаттамалық келісімге қол қойылды.

Баспасөз мәслихатынан кейін жасалған ортақ мәлімдемеде екі басшының Ауғанстандағы тұрақтылықты қолдайтыны және бұл елдің лаңкестер мен экстремистер үшін қауіпсіз баспанаға айналуына жол бермеу керектігі айтылды.

Өзбекстан мемлекет басшысы Мирзиеев Сисиді де еліне шақырды.



Ұқсас жаңалықтар