Қазақстаннан кезекті көмек келіп жетті

ТР Сыртқы істер министрі алғыс білдірді.

1947835
Қазақстаннан кезекті көмек келіп жетті
Kazakistan_yardım_deprem
2.jpg

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бауырлас Түркия елінде болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған жалпы көлемі 55 тонналық гуманитарлық көмек (шатыр, жылытқыш, жылы киім, көрпе-төсек, жамылғыш және т.б. тұрмыстық заттар) Қазақстаннан жүк әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жеткізілді.

      Газиантеп қаласына келген гуманитарлық көмекті Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу жеке күтіп алып, Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиевке және Қазақстанның Төтенше министрлігінен келген құтқарушыларға алғысын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар