«Turan Today»  бағдарламасы көрерменге жол тартты

«Түркістан ТВ» каналында ерекше бір бағдарламаның тұсауы кесілді.

1933596
«Turan Today»  бағдарламасы көрерменге жол тартты

 

Түркі әлемінің рухани астанасы  Түркістанда ашылған «Түркістан ТВ» каналында ерекше бір бағдарламаның тұсауы кесілді.

Аталмыш бағдарлама түркітілдес мемлекеттердегі мәдениет, саясат, спорт және шоу бизнес хабарларын қазақша, өзбекше және түрікше таратады.  Сонымен қатар күллі түркі жұртына ортақ мәселелер талқыланып, шетелден қонақтар тікелей байланысқа шығады.

Қазірге дейін жарияланған бөлімдерде түрік елдерінің ахуалы, экономикасы, әйелдердің жағдайы, халық емшілігі, тері секторы мен өңдеу өнеркәсібі, туризм, сауда одағы, Түріксой ұйымының таныстырылуы секілді тақырыптар қарастырылып та үлгерді.

Бағдарлама аясында көрерменді жалықтырмай сергіту мақсатында әдемі ән мен күй, қызықты ойындарға да орын беріледі.

Бағдарлама аптасына төрт күн екі сағаттан хабар таратады.



Ұқсас жаңалықтар