Тұңғыш Президент туралы заңның күші жойылды

Заңның сақталуына құқықтық негіздер жоқ деп тану туралы шешім қабылданды.

1931293
Тұңғыш Президент туралы заңның күші жойылды

Конституциялық сот Тұңғыш Президент - Елбасы туралы заңның күшін жойды.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» заңның сақталуына құқықтық негіздер жоқ деп тану туралы шешім қабылданды.

Осыған байланысты бұл заңның күші жойылды деп танылды. Конституцияның 74-бабы 3-тармағына сәйкес нормативтік қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді. Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.

Осылайша сот шешімімен Назарбаевқа тұңғыш президент ретінде кейбір мәртебе мен өкілеттік берген баптар Конституциядан алынып тасталады. Бұл Назарбаевтың Конституция кепілдік берген қол сұғылмаушылығына әсер етпейді. Бірақ оның отбасы қол сұғылмаушылық құқығынан айырылады.

Палата мен Сенаттан тұратын Парламент бұл мәселені келесі аптада бірлескен отырысында талқылайды.



Ұқсас жаңалықтар