Бірлескен декларация жарияланды

Түркия, Түрікменстан және Әзербайжан президенттерінің Бірінші саммитінің 25 тармақтан тұратын бірлескен мәлімдемесі жарияланды.

1919983
Бірлескен декларация жарияланды

14 желтоқсанда Түрікменстанда өткен Түркия, Түрікменстан және Әзербайжан президенттерінің Бірінші саммитінің 25 тармақтан тұратын бірлескен мәлімдемесі жарияланды.

Энергетика және табиғи газды жеткізу саласындағы ынтымақтастықты дамытудың ерекше маңыздылығын айта отырып, тараптар бірлескен іс-шаралар мен жобаларды, соның ішінде ықтимал инвестицияларды, тұрақты және сенімді жеткізуді дамытуды және энергия ресурстарының транзитін қолдайды.

Декларацияда Түркия, Түрікменстан және Әзербайжанның ортақ тарих тұрғысынан жақындығы аясында жан-жақты байланыстарды дамытуға және тереңдетуге ұмтылу шеңберінде құқықтардың теңдігі, өзара құрмет пен пайда принциптеріне негізделген мемлекетаралық қатынастарды дамыту жөніндегі міндеттемелері қамтылған.



Ұқсас жаңалықтар