Ердоған Жапаровты туған күнімен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтады.

1915622
Ердоған Жапаровты туған күнімен құттықтады

Қырғызстан президенттігінің мәлімдемесінде президент Ердоғанның Қырғызстанмен тіл, дін, тарих, мәдениет және құндылықтар ортақтығына негізделген жан-жақты қарым-қатынастардың жаңа стратегиялық серіктестік деңгейге көтерілгеніне риза болғаны атап өтілді.

Мәлімдемеде президент Ердоған дос және бауырлас Қырғызстанмен екіжақты және аймақтық қарым-қатынастарды, әсіресе көпжақты форматта Түркі мемлекеттері ұйымы аясында дамыту үшін өзара күш-жігер жұмсауды, осылайша қауіпсіздік пен тұрақтылыққа үлес қосатындарын білдірді.

Президент Ердоғанның президент Жапаровты туған күнімен құттықтаған мәлімдемесінде  «Бауырлас халықтарымыз арасындағы байланыстың нығайып, тереңдей түскен екіжақты қарым-қатынасымыздың арқасында Түркия мен Қырғызстан арасындағы достықтың ғасырлар бойы жалғасуын тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар