Шентоптың Түрікменстан сапары жалғасуда

Шентопты Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қабылдады.

1907926
Шентоптың Түрікменстан сапары жалғасуда

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоптың Түрікменстандағы ресми сапары жалғасуда.

Шентопты Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов қабылдады.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Түрікменстан басшысына Президент Режеп Тайып Ердоғанның сәлемін жеткізді.

Бердімұхамедов екі ел арасындағы сауда, саяси, мәдени және парламенттік қарым-қатынастардың дамуына ризашылығын білдірді.

Шентоп жиналыстан кейін Ұлттық Кеңес Мәжілісінде сөйлеген сөзінде «Біз елдеріміз арасындағы бауырластыққа, тарихи және мәдени байланыстарға, өзара құрмет пен сенімге негізделген берік байланыстарымызды жалғастырсақ, онда біз көлік, сауда, энергетика, халықтарымыз арасындағы қарым-қатынас, білім, әлеуметтік және мәдени салалардағы ынтымақтастығымызды дамыта аламыз. Осылайша даму жолындағы Азияның алдыңғы қатардағы елдері ретінде бірге көтерілеміз» деген сөздер қолданды.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің  төрағасы Мұстафа Шентопқа Мемлекет орденін Түрікменстан Ұлттық Кеңесінің төрағасы, Түрікменстанның бұрынғы президенті Құрбанкұлы Бердімұхамедов табыс етті.

Бердімұхамедов елордасы Ашхабадқа ресми сапармен келген Шентопқа «Тәуелсіз Түрікменстанға деген зор сүйіспеншілігі үшін» мемлекеттік орденін табыс етті.

Шентоп Құрбанкұлы Бердімұхамедов пен Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовке марапаты үшін алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар