Сочиде үштік кездесу

Үшжақты кездесуден кейін бірлескен мәлімдеме қабылданды.

1900385
Сочиде үштік кездесу

Ресей президенті Владимир Путин, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян Сочиде кездесті.

Кездесу барысында Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісімге негіз болатын құжатқа қол қою мәселесі талқыланды.

Путин кездесудің өте пайдалы болғанын және болашақ келісімдер үшін қолайлы жағдай туғызғанын айтты. Ресей басшысы «Шынымды айту керек, біз бәрін бекіте алмадық, алдын ала әзірленген жобадан кейбір нәрселерді алып тастауға тура келді. Дегенмен бұл қадам жалпы жағдайды реттеуге бағытталған жаңа әрекеттерге жағдай жасайды» деді.

Үшжақты кездесуден кейін бірлескен мәлімдеме қабылданды.

«Аймақтағы тұрақты және ұзақ мерзімді бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін Әзербайжан мен Армения арасында бейбіт келісімге қол қоюға белсенді дайындықтың маңыздылығы» атап көрсетіліп, өзара қолайлы шешімдер іздеуді жалғастыру туралы келісілгені айтылды. Мәлімдемеде Әлиев пен Пашинянның Ресейдің Оңтүстік Кавказда тұрақтылық пен гүлдену орнатуға және қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруге үлес қосуға дайындығына риза екені атап өтілді.

Сочидегі басшылардың кездесуіне қатар Ресей, Әзербайжан және Армения сыртқы істер министрлері Сергей Лавров, Джейхун Байрамов және Арарат Мирзоян да үш жақты кездесу өткізді.



Ұқсас жаңалықтар