Қазақстанның әскери доктринасы жаңартылды

ҚР Президенті Қасым Жомарт-Тоқаев әскери доктринаға өзгерістер енгізуді көздейтін жарлыққа қол қойды.

1896907
Қазақстанның әскери доктринасы жаңартылды

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде 2021 жылға арналған президент Тоқаевтың халыққа үндеуінде елдің әскери доктринасын жаңарту туралы тапсырма бергені еске салынды.

Мәлімдемеде «Президент қорғаныс қабілетін күшейту және қауіп-қатерлерге қарсы жауап қайтаруды жеделдетудің мемлекет үшін маңызды басымдықтар болуы керектігін баса айтты» делінді.

Аталмыш жаңартылған әскери доктринада қауіпсіздікке әсер ететін заманауи факторлардың назарға алынғаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Қарулы күштердің жауынгерлік әлеуетін арттыру үшін арнайы операциялық жасақтарды дамыту жоспарлануда. Сонымен қатар, доктрина жаңа қауіптер мен тәуекелдерге жеткілікті деңгейде әрекет ету үшін мемлекеттің әскери әлеуетін арттырады» делінді.

Мәлімдемеде елдің жаңартылған әскери доктринасының Президенттің қолымен күшіне енгені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар