Ильхам Әлиев Қырғызстанға барды

Әлиевтің сапары аясында Қырғызстан-Әзербайжан Даму қорын құру туралы келісімге қол қойылды.

1891518
Ильхам Әлиев Қырғызстанға барды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қырғызстанға алғаш рет ресми сапармен барды.

«Манас» Халықаралық әуежайында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

Президенттік мемлекеттік қонақ үйде өткен ресми қарсы алу рәсімінен кейін басшылар Қырғызстан мен Әзербайжан туларының алдында суретке түсті.

Қырғызстан-Әзербайжан Мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысында сөйлеген сөзінде Жапаров Әзербайжанның іскерлер әлемін Қырғызстанға инвестиция салуға шақырып, бауырлас Әзербайжанмен барлық салада ынтымақтасуға дайын екендерін жеткізді.

Әлиев Қырғызстанмен қарым-қатынастарын жақсартуды қалайтындарын білдірді.

Түркі әлемінің жаңа әлеуетке ие бола бастағанына назар аударған Әлиев:

Әзербайжан сияқты Қырғызстан да Түркі әлеміне кіретін мемлекеттердің бауырластық қарым-қатынасына үлкен үлес қосуда. Келер айда өтетін саммитте бірлігіміз нығая түседі» деді. 

Әлиевтің сапары аясында Қырғызстан-Әзербайжан Даму қорын құру туралы келісімге қол қойылды.

Қордың Қырғызстан мен Әзербайжан арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа шабыттандыру, экономиканы жаңғырту, дамыту және мүмкіндіктерді тиімді пайдалану мақсатында 25 миллион долларлық қаржымен құрылғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар