Шекараны демаркациялау комиссиясы құрылады

Төрт жақты кездесуден кейін ортақ мәлімдеме жарияланды.

1889610
Шекараны демаркациялау комиссиясы құрылады

Әзербайжан, Армения,  Франция және Еуропа Одағы (ЕО) арасында өткен төрт жақты кездесуге байланысты жарияланған ортақ мәлімдемеде Еуропа Одағының Әзербайжан мен Армения арасындағы шекараны анықтау жұмыстарына қолдау көрсету үшін аймаққа уақытша азаматтық миссия жіберетіні айтылды.

Мәлімдемеде Әзербайжан мен Арменияның Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Жарғысы мен 1991 жылғы Алматы декларациясының шекараны демаркациялау комиссияларының жұмысына негіз болатынын растағаны атап өтілді.

Шекараны анықтау комиссияларының отырысының айдың соңында Бельгияның астанасы Брюссельде өтетіні білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар