Әзербайжан 95 армян әскерінің мәйітін тапсырды

Әзербайжан 80 сарбазының шәйіт болғанын, Армения қаза тапқан армян әскерлерінің саны 207 екенін хабарлады.

1882242
Әзербайжан 95 армян әскерінің мәйітін тапсырды

Әзербайжан шекарадағы қақтығыста қаза тапқан 95 армян әскерінің мәйітін Арменияға тапсырып берді.

Әзербайжанның Тұтқындар, хабар-ошарсыз кеткендер және кепілге алынғандар істері жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының мәлімдемесінде 12-14 қыркүйек аралығында қақтығыс болған аймақта қаза тапқан армян сарбаздарының мәйіттерінің іздестіріліп жатқаны білдірілді.

Мәлімдемеде 95 армян әскерінің мәйіті Әзербайжан Әскери прокуратурасы қызметкерлері тарапынан тексеріліп, мәйіттерде зорлық-зомбылық ізі табылмағаны анықталғаннан кейін Халықаралық Қызыл Крест ұйымы арқылы Арменияға тапсырылғаны хабарланды.

Армян сарбаздарының мәйіттерін жеткізу үдерісінің жалғасатыны атап өтілді.

Әзербайжан 17 қыркүйекте Арменияға 32 мәйітті тапсырған болатын.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения күштері 12 қыркүйекке қараған түні Әзербайжанның Дашкесен, Келбажар, Лачин және Зангилан бағыттарында кең ауқымды арандатушы қақтығыстар бастағанын хабарлады.

Дипломатиялық байланыстардың нәтижесінде Әзербайжан мен Арменияның 2-ші Қарабах соғысынан (2020) кейінгі ең үлкен қақтығыста атысты тоқтату туралы келісімге келгені білдірілді.

Әзербайжан 80 сарбазының шәйіт болғанын жариялады. Армения қаза тапқан армян әскерлерінің санын 207 деп хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар