Әлиев пен Пашинян төртінші мәрте бас қосады

Әлиев, Пашинян және Мишель 31 тамызда Брюссельде кездеседі.

1872335
Әлиев пен Пашинян төртінші мәрте бас қосады

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян Еуропа Одағы (ЕО) кеңесінің төрағасы Шарль Мишельмен үшжақты кездесу үшін Бельгияның астанасы Брюссельде кездеседі.

Армения премьер-министрі кеңсесінің мәлімдемесіне қарағанда Әлиев, Пашинян және Мишель 31 тамызда Брюссельде кездеседі.

Әлиев пен Пашинян бұған дейін Брюссельде 2020 жылдың 14 желтоқсанында, 30 наурыз және 22 мамырда Мишельдің дәнекерлігімен кездесулер өткізген болатын.

Әлиев пен Пашинян кездесуіне бір күн қалғанда премьер-министрдің орынбасарлары бастаған шекараны демаркациялау комиссиялары қайтадан бас қосады.

Әзербайжан премьер-министрінің орынбасары Шахин Мұстафаев пен Армения премьер-министрінің орынбасары Мгер Григорян бастаған комиссиялар 30 тамызда Ресейдің астанасы Мәскеуде бас қосады.



Ұқсас жаңалықтар