7 415 этникалық қазақ тарихи отанымен қауышты
1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 95,3 мың этникалық қазақ оралды.
![7 415 этникалық қазақ тарихи отанымен қауышты](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/6938/8dbc/d943/62386063f3c03.jpeg?time=1722043568)
Қазақстанда 1 шілде күніне дейін 7 415 этникалық қазақ тарихи отанымен қауышып, қандас мәртебесін алды.
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 95,3 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (70,2%) - Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 7,4% – Түрікменстаннан, 3,2% – Моңғолиядан және 8,8% басқа елдерден қоныс аударған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31,6%), Маңғыстау (18,3%), Түркістан (9,8%) және Жамбыл (6,3%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,7%), Нұр-Сұлтан (7,1%) және Шымкент (8,1%) қалаларына қоныстанған.
Осы жылғы 1 шілдедегі есеп бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 62%, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар саны 24,1% және зейнеткерлер саны 13,9%. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,4%-ы жоғары білімді, 40,3%-ы орта кәсіби білімді, 47%-ы жалпы орта білімді және 1,6%-ның білімі жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
![Теміржол үшін бірлескен компания құрылады](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/0feb/4483/d73f/66a373d438d64.jpg?time=1722043568)
Теміржол үшін бірлескен компания құрылады
Абдес Анарбеков бірлескен компания құру жұмыстары басталғанын хабарлады.