Түрік Мемлекеттері Ұйымының кезекті саммиті Самарқанд қаласында өтеді

Саммит барысында ТМҰ төрағалығы Түркиядан Өзбекстанға өтеді.

1863723
Түрік Мемлекеттері Ұйымының  кезекті саммиті Самарқанд қаласында өтеді

Түрік Мемлекеттері Ұйымының (ТМҰ) кезекті саммиті 2022 жылдың 11 қараша күні Самарқанд қаласында өтеді. Бұл туралы Әзербайжан, Өзбекстан және Түркия елдерінің Сыртқы істер, экономика және көлік министрлерінің Ташкентте өткен алғашқы үшжақты кездесуінен кейінгі баспасөз мәслихатында Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мәлімдеді.

Саммит барысында ТМҰ төрағалығы Түркиядан Өзбекстанға өтеді.

Бұған дейін Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесі (Түркі кеңесі) деп аталған Түрік Мемлекеттері Ұйымы 2009 жылы 3 қазанда Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия арасында қол қойылған Нахчыван келісімі негізінде құрылды. 2018 жылы Өзбекстан ұйымның толыққанды мүшесі аталды. Былтыр 12 қарашада Стамбулда өткен саммитте Түркі кеңесінің атауы Түрік Мемлекеттері Ұйымы болып өзгертілді.



Ұқсас жаңалықтар