Өзбекстанда ШЫҰ Сыртқы істер министрлерінің жиналысы өтті

ШЫҰ Сыртқы істер министрлерін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев  қабылдады.

1861293
Өзбекстанда ШЫҰ Сыртқы істер министрлерінің жиналысы өтті

Өзбекстан астанасы Ташкентте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің жиналысы өтті.

Кездесуге Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Владимир Наровтың үй иелігінде ұйымдастырылған жиналысқа Қытай Сыртқы істер министрі Ван И, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сиродиддин Мухриддин, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Үндістан Сыртқы істер министрі Субрахманям Джайшанкар, Сыртқы істер министрі Билавал Бхутто Зардари мен ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин қатысты.

Жиналыстың баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Владимир Наров Орталық Азиядағы оңтайлы ынтымақтастық үдерісінің ШЫҰ кеңістігін тұрақтылық, даму, өркендеу және тиімді ынтымақтастық аймағына айналдыруға қызмет ететінін атап өтті.

Ұйымға мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіп, энергетика, туризм, мәдени және басқа салалардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланған кездесуден кейін министрлер осы саланы одан әрі дамыту бойынша бірқатар құжаттарға қол қойды.

ШЫҰ Сыртқы істер министрлерін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев  қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар