Шушада медиа форум

Әзербайжан баспасөзінің құрылғанына 147 жыл толуына орай Халықаралық медиа форумы өтті.

1858258
Шушада медиа форум

Әзербайжанның Қарабах аймағының символдық қаласы Шушада Әзербайжан баспасөзінің құрылғанына 147 жыл толуына орай Халықаралық медиа форумы өтті.

БАҚ-ты дамыту агенттігі ұйымдастырған «Жаһандық трендтер және БАҚ-тағы жаңа міндеттер» атты форумға Әзербайжан Президентінің кеңесшісі Хикмет Гаджиев, БАҚ басшылары, шетелдік ақпарат агенттіктерінің өкілдері мен сарапшылар қатысты.

Шарада Гаджиев президент Ильхам Әлиевтің баспасөз өкілдеріне жолдауын оқыды. Президент Әлиев өз жолдауында баспасөз өкілдерін Әзербайжан баспасөзінің 147 жылдығымен құттықтады.

Әзербайжан баспасөзінің 147 жылда үлкен жетістікке қол жеткізгенін атап көрсеткен Әлиев жаһандық ақпарат саласындағы тәуелсіз саясаты себебімен елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіру әрекеттерінің бар екенін білдірді.

Әзербайжан баспасөзінің 2-ші Қарабах соғысында (2020 жылдың қыркүйек-қараша айлары) ақпараттық күресте үлкен рөл атқарғанын атап өткен Әлиев өз жолдауында келесі сөздерді қолданды: “Біздің БАҚ Әзербайжан шындығын халықаралық қоғамдастыққа жеткізу үшін аянбай еңбек етуде, соның ішінде оккупация кезінде армяндардың тарихи жерлерімізге жасаған теңдессіз қатыгездігі мен вандализмін әшкерелеуде.

Әзербайжан журналистері әрқашанда принципті ұстанымда болуы керек, мемлекет мүддесін қорғап, азаматтарымыздың толық және шынайы ақпарат алу құқығын қамтамасыз етіп, жалған және негізсіз науқандар өршіп тұрған кезде қоғамымыздың ілгерілеуі үшін бар күш-жігерін жұмсауы керек”.



Ұқсас жаңалықтар