Кипрде Бейбітшілік қозғалысының 48 жылдығы тойлануда

Кипрде Бейбітшілік қозғалысының 48 жылдығы салтанатты түрде атап өтілуде.

1857216
Кипрде Бейбітшілік қозғалысының 48 жылдығы тойлануда

Кипр Бейбітшілік қозғалысының 48 жылдығына арналған іс-шаралар Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) президенті Ерсін Татар мен Түркия вице-президенті Фуат Октайдың Ататүрік ескерткішіне гүл шоқтарын қоюымен басталды.

Бас қала Никосиядағы Ататүрік ескерткішінде ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада Мемлекеттік Әнұранның шырқалуы және жалаулардың көтерілуінен кейін СКТР президенті Татар естелік арнайы дәптеріне қолтаңбасын қойды.

Татар былай деді: «Ұлы көсем Мұстафа Кемал Ататүрік, сіздің ұстанымдарыңыз, ойларыңыз бен күрестеріңіз Кипр түрік халқына нұрын төгіп, бағыт-бағдар беруін жалғастырып жатыр. Осындай кезде біз құқық, әділет және бостандық жолымызды әр салада жеңіске қол жеткізгенше табандылықпен жалғастыратынымызды атап өткім келеді. Кипр түрік халқының ұлы күресі мен ана отан Түркияның үлкен қолдауымен жалғастырған күрестің жеңіспен аяқталған 20 шілде Бейбітшілік қозғалысының 48 жылдығында сіздің құзыретіңізде тағы бір рет уәде береміз. Біз мемлекетімізден, тәуелсіздігімізден, егемендігімізден ешқашан бас тартпаймыз. Сіздерді мейіріммен, құрметпен, сағынышпен еске аламыз».

Вице-президент Октай да ескерткіш  дәптерге қолтаңбасын қойып, былай деді:«Ардақты Ататүрік, бүгін біз Кипрдегі түрік бауырларымыздың өмір сүруіне және болашағына кепілдік беретін Кипр Бейбітшілік қозғалысының 48 жылдығын атап өтудеміз. Түркия Республикасы ана отан және кепіл ел ретінде, егемендік құқықтарын қорғауды жалғастырады. Кипр түрік халқының бостандық пен бай-баяшат өмірінің кепілі болуға, оның тарихи және келісім-шарттық міндеттерін орындауды жалғастырамыз. Осы қуанышты мерейтойда біз сіздің қастерлі естеліктеріңізді құрметпен және мейіріммен еске аламыз» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар