Өзбекстан Түркі академиясының «бақылаушы» мәртебесін алды

Түркі әлемінің маңызды елдерінің бірі Өзбекстан Халықаралық Түркі академиясының «бақылаушы» мәртебесіне ие болды.

1847979
Өзбекстан Түркі академиясының «бақылаушы» мәртебесін алды

Халықаралық Түркі академиясы түркі әлемінің интеграциясы үшін жұмыстарын жалғастыруда.

Өзбекстан осы академияның «бақылаушы» мәртебесін алды.

Өзбекстанның бақылаушы мәртебесін алуына орай Халықаралық Түркі академиясында салтанатты шара өтті.

Өзбекстанның Қазақстандағы Елшісі Саидикрам Ниязходжаев түркі әлемінің бірлігі үшін бұдан да белсенді рөл атқаруға дайын екендерін атап өтті. «Өзбекстан түркі әлемі елдерімен интеграция бойынша белсенді жұмыс жасауда. Біз Президентіміздің басшылығымен түрлі мекемелердің жұмысына қатысып, бақылаушы ретінде іс-шараларды жүзеге асырып келеміз. Елдер арасындағы саяси және бауырластық байланыстарымызды нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі шара да осының символы» деді ол.

Шара шеңберінде Академия ғимаратында Өзбекстан Республикасының туы көтерілді.

Аталмыш шараға Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, мүше мемлекеттердің елшілері мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.



Ұқсас жаңалықтар