Абай мен Шыңғысқа тағзым етті

Түріксой Бас хатшысы Сұлтан Раев Абай Құнанбай мен Шыңғыс Айтматовты ұмытпады.

1846194
Абай мен Шыңғысқа тағзым етті

Ресми сапармен Венгрияға барған Түріксой Бас хатшысы Сұлтан Раев және жанындағы делегациясы қазақ ақыны, ойшыл және композитор Абай Құнанбай мен әлемге танымал қырғыз жазушы Шыңғыс Айтматовты ұмытпады. Раев пен делегациясы Абай мүсініне барып, гүл шоқтарын қойды. Сонымен бірге  Будапешттегі Шыңғыс Айтматов атындағы саябаққа барды.

 Сұлтан Раев әлем халқын хабардар ету мақсатында осындай сапарлар барысында түрік әлемінің ұлы тұлғаларын еске алудың маңызды екенін атап көрсетті.  «Бұл біздің ең маңызды парызымыз. Мәдени өміріміздің  сәулетшілерін құрметпен еске алу. Мәдени өмірімізде өшпес із қалдырған және түрік әлемінің мәдени қазынасына өз есімдерін алтын әріптермен жазып қалдырған маңызды құндылықтарымызды еске алып, болашақ ұрпаққа үлгі ету және әлем халықтарына насихаттау» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар