Қырғызстанда «Дәстүрлі спорт алаңы» құрылды
Қырғызстан-Түркия Манас университетінде құрылған алаңның бетін Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының төрағасы Билал Ердоған ашты.





Қырғызстанның алғашқы «Дәстүрлі спорт алаңы» ашылды.
Беташарда палуандар күрес бәсекесі, ат үстінде күрес, атта садақ ату, бүркітпен аң аулау жарыстары өткізіліп, марапаттар таратылды.
Қырғызстан-Түркия Манас университетінде құрылған алаңның бетін Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының төрағасы Билал Ердоған ашты.
Шыңғыс Айтматов атындағы қалашықтағы ашылуда сөйлеген сөзінде Билал Ердоған іс-шараның Қырғызстан тарапынан Түркі Мемлекеттер Ұйымының күн тәртібіне әкелінгеніне риза болғанын тілге тиек етті.
Билал Ердоған Қырғызстан президенті Садыр Жапаров тарапынан қабылданды.
Кездесуде қыркүйек айында Бурсада ұйымдастырылатын Дүниежүзілік көшпенділер ойындары тақырыбы талқыланды.
Ұқсас жаңалықтар

Түркі әлемі жас ғалымдар конгресі басталды
Өзбекстанның астанасы Ташкентте Екінші Халықаралық Түркі әлемі жас ғалымдар конгресі басталды.