Астана процесі жиналыстары Нұр-Сұлтанда басталды

Келіссөздерге Түркия атынан Сыртқы істер министрлігі Сирияға жауапты басқармасының бас директоры Селчук Үнал бастаған делегация қатысты.

1843729
Астана процесі жиналыстары Нұр-Сұлтанда басталды

Сирия дағдарысына шешім табу мақсатымен ұйымдастырылған Астана процесінің кепілгер елдері Түркия, Ресей және Иран делегациялары Қазақстанның бас қаласы Нұр-Сұлтанда 18-ші мәрте бас қосты.

Кездесулер екі және үш жақтылы жиналыстармен басталды.

Келіссөздерге Түркия атынан Сыртқы істер министрлігі Сирияға жауапты басқармасының бас директоры Селчук Үнал бастаған делегация қатысты.

Ресейден президент Владимир Путиннің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Ираннан Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Али Асгар Хаджи бастаған делегациялар қатысуда.

Жиналысқа Сирия режимінің Сыртқы істер министр орынбасары Айман Сузан, әскери опоозициядан Ахмет Тума төраға болған делегациялар қатысуда.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Сирия бойынша арнайы өкілі Гейр О. Педерсен атынан саяси мәселелер жөніндегі уәкілі Роберт Данн өкілдік етті.

Алдыңғы кездесулерде бақылаушы мәртебесіндегі Иордания, Ирак пен Ливаннан бұл жолы тек қана Иордания делегациясы қатысты.

Екі күн жалғасатын жиналыстарда сириялық босқындардың елге қайтарылуы үшін жасалатын жағдайларды қамтыған Сириядағы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық жағдай, Женевадағы Конституциялық комитеттің жұмысы, сенімді арттыратын шаралар, кепілге алынғандарды босату және Сириядағы жоғалып кеткен адамдарды іздеу қатарлы тақырыптар талқыланады.



Ұқсас жаңалықтар