Эрсин: "Кипр Эллин аралы болмайды"

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар Кипрдің Эллин аралы болмайтынын мәлімдеді.

1804174
Эрсин: "Кипр Эллин аралы болмайды"

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар Кипрдің Эллин аралы болмайтынын мәлімдеді.

Эрсин Татар Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігінің басшысы Никос Анастасиадис пен кейбір грек саясаткерлердің Грекияның Осман мемлекетіне қарсы көтерілісі және EOKA ұйымының қарулы әрекеттерінің жылдығына орай жасағандары мәлімдемелерге наразылық көрсетті.

Кипр Понти әкімшілігінің EOKA-ның қарулы әрекеттерін жақтайтын хабарламалар жасағанын атап көрсеткен Татар «Егер әлі де 1821 жылғы риториканы қайталап жатсаңыз, эллинизмді жақтаушыларды қуантатын хабарламалар жасап жатсаңыз, ізгі ниетіңізге күмәнім бар. Әлбетте, ойыңыздағы келісім эллинизмнің есігін ашық қалдыратын, Кипр түріктерінің теңгеріміне құрмет көрсетпейтін бір түсінік» деді.

Türkiye мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) болса әрдайым бейбітшілікті жақтағандарын атап көрсеткен Татар «Біз жақсы ниетпен келісім жасағымыз келеді. Дүниеден ажырап, қарым-қатынастан, келіссөзден ажырап, елемейтін түсінігіміз жоқ. Біз әрдайым бейбітшілікті қалайтынымызды қайталап айттық. Türkiye-нің де көзқарасы осылай» деді.



Ұқсас жаңалықтар