«2-ші Диаспора форумы» Бурса қаласында өтті

Түрік Мемлекеттері Ұйымы диаспора қоғам өкілдері тарихи қала Бурсада бас қосты.

1804519
«2-ші Диаспора форумы» Бурса қаласында өтті

Түрік Мемлекеттері Ұйымының (ТМҰ) «2-ші Диаспора форумы» Бурсада Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының (YTB) ұйымдастыруымен өтті. Бағдарламада 20 миллиондық диаспоралық әлеуеті зор Түрік Мемлекеттері Ұйымының қызметі осы саладағы жұмыстарына тоқталып, мүше елдердің ынтымақтастығына баса назар аударылды.

Түрік Мемлекеттері Ұйымына мүше мемлекеттер Türkiye, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан диаспоралары Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының қонақжайлығымен Османлы мемлекетінің алғаш елордасы, сұлтандардың қаласы Бурсада бас қосты.

Бағдарламада сөз сөйлеген Түрік Мемлекеттер Ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым Ұйымды бір мемлекет түсінігімен саудадағы кедергілер жойылған, кеден жүйелері жеңілдетілген, көлікте, капиталда және адам айналымында толық еркіндік қамтамасыз етілген Еуроодақ үлгісіне жетуді мақсат еткендерін атап көрсетті.

Йылдырым «Еш нәрсе үшін, құмарлық үшін күнәсіз адамдардың қырылуын, нәрестелер мен балалардың өмірінен айрылуын қаламаймыз. Мақсатымыз – бейбітшілік, мақсатымыз – бауырластық, мақсатымыз – ортақ даму, ұлттарымыз үшін өмір сүруге қолайлы ғаламшар.

Өкінішке орай, үшінші елдерде тұрып, сол халықтардың арасында төл құжатында «түрік» деп жазылған, бірақ түркі елдеріне дұшпандық танытып, түрік жауларымен ынтымақтасатындар да бар екенін білеміз. Бұлар біздің елдеріміз бен ұлттарымыздың тікелей жаулары. Олармен күресу де біздің міндетіміз» деді.

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы төрағасы Абдуллах Ерен болса түрік әлемі үшін 150-ден астам жобаны жүзеге асырғандарын түсіндірді. Ерен өз сөзінде 1500-ден астам шетелдік студентке Türkiye-де білім алу мүмкіндігін ұсынатындарын айтты.

Форумға қонақжайлық жасаған Түрік Мемлекеттері Ұйымы Бас хатшысы Бағдат Әміреев болса мүше елдердің дүние жүзінде ұйымға мүше елдердің 20 миллионнан астам үлкен бір диаспорасы бар екенін еске салып «Бұл үлкен әлеует. Бұл біздің елдерімізге саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан үлкен пайда әкелетін күш» деді.

Форумда Қазақстан Республикасы атынан КеАҚ Вице-президенті М.Қ. Сарбасов басшылығындағы «Отандастар қоры» делегациясы өкілдік жасайды.

Ашылу рәсімінде жасаған баяндамасында Отандастар қорының қызметі мен мақсатына тоқталған Сарбасов «Отандастар Қоры құрылуының негізгі мақсаты - шетелдегі қазақ қандастарымыздың этникалық бірегейлігін нығайту, біртұтас қазақ ұлтының ажырамас бөлігі ретінде олардың сақталуын қамтамасыз ету. Кеңес Одағы құлдыраған кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерде 5 миллион қазақ тұрған. Қазіргі таңда кейбір бейресми сарапшылық мәліметтер бойынша шетел қазақтарының саны 7-8 млн адамға жуықтауы мүмкін. Мекендеген елдерінде оларды негізінен екі топқа бөлуге болады – автохтондар және диаспоралар» деді.

Қазақстан делегациясы құрамында орын алған Тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Отандастар қоры» кеңесшісі Қобландин Қ.И. болса алғашқы отырыста жасаған баяндамасында «Кездесудегі маңызды мәселелердің бірі - түркітілдес диаспоралармен ынтымақтастық және өзара іс-қимылды нығайту бойынша пікірлер мен идеялар алмасу, жұмысты үйлестіру мүмкіндіктерін талқылау мәселелері болашақта Түркі әлемі дамуының негізгі факторларының бірі бола алады деп сенемін» деді.

Форумнан кейін қатысушылар Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы жүзеге асырған Türkiye, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстанның диаспора мекемелері арасында тәжірибе алмасу бағдарламасына қатысты.

«2-ші Диаспора форумына» мүше мемлекеттерден келген делегациялар Бурса қалалық әкімшілігі мен ТҮРКСОЙ ұйымдастырған Түркі әлемінің мәдениет астанасы Бурса қаласының ашылу шараларына қатысады.



Ұқсас жаңалықтар