Алматыда Наурыз түрлі шаралармен атап өтілді

Қаланың бас алаңына жиналған мыңдаған тұрғын жергілікті өнерпаздардың өнерін тамашалап, республикалық жарыстарға қатысты.

1800045
Алматыда Наурыз түрлі шаралармен атап өтілді

Наурыз мерекесі Қазақстанның ең ірі қаласы Алматыда түрлі шаралармен аталып өтті.

Қаланың бас алаңына жиналған мыңдаған тұрғын жергілікті өнерпаздардың өнерін тамашалап, республикалық жарыстарға қатысты.

Астана алаңында өткен шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. Тоқаев халықты Наурыз күнімен құттықтап, Наурыз берекенің, бірліктің, шынайы жанашырлық пен өзара қамқорлықтың мерекесі екенін айтты. Сондай-ақ ол «Алматы – тәуелсіздігіміздің алтын бесігі, халқымыз Наурыз мерекесімен осында қайта қауышты» деді.

Президент  өз сөзінде Қазақстан халқының алдында кең ауқымды реформалар мен Жаңа Қазақстан құрылысы тұрғанын айтты. Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде үлкен қауіп-қатерге тап болған алматылықтардың ерлігін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы сонымен бірге Қазақстан халқын ауқымды міндеттерді бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.

Қазақстан басшысы Алматыға сапары аясында қаладағы Студенттер сарайына да барды.  Тоқаев білім орталығын жаңғырту жоспарлары, сондай-ақ балалардың бос уақытын өткізуге жағдай жасау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат алды.

Сапар барысында президент студенттермен әңгімелесіп, Наурыз мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ балаларға сыйлықтар табыс етті, оның ішінде мобильді басқарылатын оқу телескоптарының соңғы буынын сыйлады.

Тоқаев сондай-ақ Халықаралық үстел теннисі федерациясының барлық талаптарына жауап беретін жаңа үстел теннисі орталығын аралап көрді.



Ұқсас жаңалықтар